Тұтынушыларыңызбен байланыста болу
Тұтынушылар сізбен жеке WhatsApp чаты арқылы байланысуға пайдаланатын қысқаша сілтеме жасаңыз. Сілтемені электрондық пошта, веб-сайт, Facebook беті немесе басқа жиі пайдаланылатын арналар арқылы бөлісіңіз.
Өзіңіз құрамына кіретін қауымдастықтың мүшесі ретінде бұл сенімсіздік және оқшаулану уақытында компанияңызды басқару біраз қиындық туғызуы мүмкін. Тұтынушыларыңызға WhatsApp арқылы хабарласыңыз. Бұл құралды олар достары мен отбасы мүшелерімен байланыста болу үшін пайдаланып жүр.
Тұтынушыларыңызға хабарласқанда, WhatsApp қолданбасын адал нитетпен пайдаланыңыз. Өзіңіз білетін және сізден хат алғысы келетін пайдаланушылармен ғана байланысыңыз, тұтынушылардан сіздің телефон нөміріңізді мекенжай кітапшасына сақтауын сұраңыз және автоматты немесе жарнамалық хаттарды топтарға жібермеңіз. Бұл ең жақсы қарапайым нұсқауларды сақтамасаңыз, басқа пайдаланушылардан шағым түсіп, аккаунтыңыз жабылып тасталуы мүмкін.
Бірнеше сұрақты жақсылап реттеп алу, бизнес профиліңіздегі пайдалы ақпаратты пайдалану және каталогте берілген қызметтеріңіз туралы мәліметтерді бөлісу үшін тегін жүктеп алуға болатын WhatsApp Business қолданбасын пайдаланған дұрыс. WhatsApp Business қолданбасын пайдалану жолдары туралы қадам-қадаммен берілген нұсқауларды көру үшін мына жерді басыңыз. Егер аккаунтыңызды WhatsApp мессенджерінен WhatsApp Business қолданбасына ауыстырғыңыз келсе, мына жерді басыңыз.
Телефонға жүктеп алу
Тұтынушылар сізбен жеке WhatsApp чаты арқылы байланысуға пайдаланатын қысқаша сілтеме жасаңыз. Сілтемені электрондық пошта, веб-сайт, Facebook беті немесе басқа жиі пайдаланылатын арналар арқылы бөлісіңіз.
Жұмыс уақытыңыздағы өзгерістер туралы ақпаратты тұтынушыларыңыз біле жүрсін. Компанияңыз ашық болатын күндер мен уақыттарды бизнес профиліңізде көрсетіңіз.
Нақты уақытта тұтынушыларыңызға қолжетімді өнімдер туралы ақпарат жіберіңіз. Негізгі тұтынушыларыңызға хабарласу үшін топтарды пайдаланыңыз және каталогіңізді жаңартыңыз, сонда тұтынушылар қоймада не бар екенін біліп отырады.
Шифрланған бейне және дауыстық қоңырау мүмкіндігін пайдаланып, тұтынушыларға хабарласыңыз және өздері алып үйреніп қалған қызметті ұсыныңыз.
Жаяу жүргіншілер мен дүкенге келушілер саны аз болғандықтан, дүкеннен алып кету және жеткізіп беру қызметтері артуы мүмкін. Жеткізу мекенжайына жақындаған кезде, WhatsApp қолданбасындағы геолокация функциясын қосыңыз. Бұл функция орныңызды тұтынушыларға жіберіп, жылдам әрі оңай алмасуға мүмкіндік береді.
Дүкеніңізге келген тұтынушыларды қарсы алғанға үйреніп қалғансыз ба? Статус жаңартуы арқылы оларға виртуалды тур жасаңыз.
Қашықтан бірлесіп жұмыс істеу үшін топтарды және топқа бейне қоңырау шалу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Егер WhatsApp Коронавирус ақпараттық хабына қатысты сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз.