1. Қолданбаны жүктеп алу: WhatsApp мессенджерін Google Play Store немесе Apple App Store дүкенінен тегін жүктеп алыңыз. Қолданбаны ашу үшін басты беттегі WhatsApp белгішесін түртіңіз.
2. Қызмет көрсету шарттарын қарап шығу: Қызмет көрсету шарттары мен Жеке ақпарат ережелерін оқып шығып, шарттарды қабылдау үшін Келісу және жалғастыру түймесін түртіңіз.
3. Тіркеу: Еліңіздің кодын қосу үшін ашылмалы тізімнен еліңізді таңдаңыз, сосын телефон нөміріңізді халықаралық форматта енгізіңіз. Дайын немесе Келесі түймесін түртіңіз, сосын 6 таңбалы тіркеу кодын SMS не телефон қоңырауы арқылы алу үшін OK түймесін түртіңіз. Тіркеуді аяқтау үшін 6 таңбалы кодты енгізіңіз. Телефон нөміріңізді тіркеу туралы ақпаратты Android, iPhone немесе KaiOS жүйесінен алыңыз.
4. Профиліңізді реттеу: жаңа профильге атыңызды енгізіп, Келесі түймесін түртіңіз. Сондай-ақ профильге фотосурет қосуға болады.
5. Контактілер мен фотосуреттерге кіруге рұқсат беру: контактілерді WhatsApp қолданбасына телефоныңыздың мекенжай кітапшасынан қосуға болады. Сондай-ақ телефоныңыздағы фотосуреттерге, видеоларға және файлдарға өтуге рұқсат бере аласыз.
6. Чат арқылы сөйлесуді бастау: немесе түймесін басып, контактіні таңдаңыз. Мәтін жолына жазыңыз. Фотосурет не видео жіберу үшін мәтін жолының жанындағы немесе түймесін басыңыз. Жаңа суретке не видеоға түсіру үшін Камера немесе бар фотосуретті не видеоны телефоннан таңдау үшін Галерея немесе Фотосурет және видео кітапханасы опциясын таңдаңыз. Содан кейін немесе түймесін түртіңіз.
7. Топ құру: саны 256 қатысушыға дейін жететін топ құра аласыз. немесе , сосын Жаңа топ түймесін түртіңіз. Топқа қосатын контактілерді іздеңіз немесе таңдаңыз, сосын Келесі түймесін түртіңіз. Топтың атауын енгізіп, немесе Құру түймесін түртіңіз.
Құпиялық және қауіпсіздік функцияларын реттеу
WhatsApp құпиялығыңыз бен қауіпсіздігіңізді түсінуді және реттеуді жеңілдетеді. Біздің құпиялығымыз бетінен ақпарат алыңыз.
Алған ақпаратыңыздың дұрыстығын тексеру
Қабылдаған хаттарыңыздың дұрыстығын тексеріңіз, себебі естігендеріңіздің барлығы шын бола бермейді. Қабылдаған хатыңыздың кім жібергенін білмесеңіз, ақпаратты факт чекинг жасайтын ұйымдар арқылы мұқият тексеріп алғаныңыз дұрыс. Бұл мақаладан жалған ақпаратты қалай таратпауға болатыны туралы оқыңыз.
Қайта бағытталған хаттар
Жалған ақпаратты таратпауға көмектесу үшін хаттарды қайта бағыттауды шектейміз. Қайта бағытталған хаттарды оңай анықтауға болады, себебі оларда Қайта бағытталған белгісі болады. Хатты бір пайдаланушыдан екіншісіне жібергенде, ол қос көрсеткілік белгішемен белгіленеді. Бұл мақаладан қайта бағыттау шектері туралы оқып білуге болады.