Денсаулық сақтау саласының мамандары
Осы белгісіздік пен оқшаулану кезінде науқастармен және әріптестеріңізбен WhatsApp арқылы байланысыңыз. Бұл құралды олар достары және отбасы мүшелерімен жақын байланыста болу үшін пайдаланып жүр.
Тұтынушыларыңызға хабарласқанда, WhatsApp қолданбасын адал нитетпен пайдаланыңыз. Өзіңіз білетін және сізден хат алғысы келетін пайдаланушылармен ғана байланысыңыз, тұтынушылардан сіздің телефон нөміріңізді мекенжай кітапшасына сақтауын сұраңыз және автоматты немесе жарнамалық хаттарды топтарға жібермеңіз. Бұл ең жақсы қарапайым нұсқауларды сақтамасаңыз, басқа пайдаланушылардан шағым түсіп, аккаунтыңыз жабылып тасталуы мүмкін.
Көп сұрақты жақсылап реттеу, жұмыс уақыты сияқты пайдалы ақпаратты көру және жиі қойылатын сұрақтарды сақтау үшін тегін жүктеп алуға болатын WhatsApp Business қолданбасын пайдаланған дұрыс. WhatsApp Business қолданбасын пайдалану жолдары туралы қадам-қадаммен берілген нұсқауларды көру үшін мына жерді басыңыз. Егер аккаунтыңызды WhatsApp мессенджерінен WhatsApp Business қолданбасына ауыстырғыңыз келсе, мына жерді басыңыз.
Телефонға жүктеп алу
*Әр WhatsApp пайдаланушысы WhatsApp қолданбасын пайдалану қолданыстағы заңдарға, оның ішінде медициналық деректер құпиялығы және қауіпсіздік туралы заңдарға сәйкестігін білетініне жауапты. WhatsApp медициналық қызметтерді ұйымдастырмайды немесе ұсынбайды және WhatsApp денсаулық сақтау жұмысына көмектесіп жүргенін білмеуіңіз мүмкін. WhatsApp науқастарға ауруханаларда кеңес беруге немесе медициналық көмекті дереу қажет ететін емдеу шараларына қолданылмайды және реттелетін медициналық құрылғы ретінде пайдаланылмайды.